ЖОЛ САПАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

ЖОЛ САПАСЫ БАСТЫ НАЗАРДА

Бүгін Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Жәнібек Сыздықовтың төрағалығымен жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарын қысқы күтіп-ұстау және санитарлық тазалық мәселесі талқыланған жиын өтті. Оған селекторлық режимде қала, аудан әкімдерінің орынбасарлары және «ҚАЖсервис» ЖШС Қызылорда облысы бойынша филиалының директоры қатысты.

Жиында басқарма басшысы қыс мезгілінің соңғы айларында республикалық, облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарын күтіп-ұстауға қажетті материялдық-техникалық базасын нығайту, жол белгілерін қалыпқа келтіру мен санитарлық тазалық талаптарын қатаң сақтау және аталған жұмыстарға тұрақты мониторинг жұмыстарын жүргізуді тапсырды.

Өз кезігінде биылғы жылы атқарылатын жұмыстар барысы бойынша қала, аудан әкімдері орынбасарларының ұсыныс-пікірлері мен «ҚАЖсервис» ЖШС Қызылорда облысы бойынша филиалы директорының республикалық маңызы бар автомобиль жолдарындағы жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндамасы тыңдалды.

​Айта кетейік облыс аумағындағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы – 3545 км құрайды. Оның 1024,5 км республикалық, 555 км облыстық, 1965,5 км аудандық маңызы бар автомобиль жолдары болып табылады.