ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

ҚЫЗЫЛОРДА ҚАЛАСЫНДА ТЕМІР ЖОЛ ВОКЗАЛЫ КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУДЕН ӨТТІ

Қызылорда облысынан өтетін магистральдық темір жол желісінің жалпы ұзындығы 1051,7 км.-ді құрайды және 8 темір жол вокзалы, 2 қызмет көрсету пункті бар. 

Облыс аумағынан барлығы 14 жұп жолаушы пойызы өтеді, оның ішінде облыс орталығынан Петропавловск, Павлодар, Көкшетау, Семей және Түркістан қалаларына 5 жұп жолаушы пойызы ұйымдастырылған.

Әлеуметтік маңызы бар №6843/6844 «Қызылорда-Бесарық-Түркістан» жолаушылар пойызы облысымыздың оңтүстік бағытында 26 елді мекенді көлік қызметімен қамтиды.

2024 жылы20,5 мың жолаушы тасымалданып, 164,7 млн. теңге субсидия игерілді.

Темір жол вокзалдары бойынша

Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалы 2 ғимараттан - 1905 жылы салынған 1 қабатты ғимарат және 1969 жылы салынған 3 қабатты екінші вокзал ғимараттантұрады.

Анықтама:

- ескі вокзалдың жалпы ауданы - 832,1 м2;

- жаңа вокзалдың жалпы ауданы-1336,9 м2;

- теміржол вокзалында 2 жолаушы платформасы бар, жалпы ауданы – 2169 м2.

Теміржол вокзалы қызметкерлерінің жалпы саны-38 адам.

Теміржол вокзалы тәулігіне 1500 жолаушыға қызмет көрсетеді.

«Қазақстан Темір Жолы» компаниясы және жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен Қызылорда қаласындағы теміржол вокзалы ғимаратына, оның іргелес аумағына 600 млн теңгеден астам қаржыға жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары.

Темір жол вокзалы аумағындағы сауда орындары ғимаратының құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

Сонымен қатар, аудан әкімдіктері аудандарда орналасқан темір жол вокзалдарына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге жобалық сметалық құжаттамалары әзірлеп, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ- «Қызылорда магистралды желі бөлімшесі» филиалына жолданды. Бүгінгі таңда, аталған мекеме жөндеу жұмыстарына қаржы бөлу мәселесін қарауда.