
📢 НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР!
Қызылорда облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы хабарлайды:
2026 жылғы 19 мамырдан бастап Қармақшы ауданындағы облыстық маңызы бар KN-1 «Жалағаш – Жосалы» автомобиль жолының 46 шақырымында орналасқан темір жол үсті көпіріне күрделі жөндеу жұмыстары басталады.
Осыған байланысты, аталған жол учаскесіндегі көлік қозғалысы жөндеу жұмыстары толық аяқталғанға дейін уақытша жабылады.
🚧 Жөндеу жұмыстары кезеңінде көлік қозғалысы KAZ-06 «Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент» республикалық маңызы бар автомобиль жолы арқылы жүзеге асырылады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.