Жанқожа батыр көшесі арқылы өткел салудағы мақсат – теміржолдың арғы бетіндегі Шанхай, Коммунизм, Гагарин шағын аудандарын қаланың орталығымен көлік қозғалысының қауіпсіздігін сақтай отырып байланыстыру.
Ауқымды жобаның құрылысын "СМК Аманат" мердігер мекемесі жүргізуде.
Ауқымды жоба құрылысы үш ай бұрын басталды. Қазір мердігер мекеме осы аумақтан өтетін коммуникация желілерін ауыстырып, негізгі жұмысқа кірісуде.