
«Қорқыт Ата» әуежайы арқылы аптасына барлығы 26 рейс орындалуда, оның ішінде: Астана қаласына – 16, Алматыға – 10 рейс. Бұл рейстер «AirAstana», «Fly Arystan» және «Qazaq Air» әуе компанияларымен атқарылуда.
2024 жылы Әуежайдан 357,6 мың жолаушы жөнелтілді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 16,6 % артып отыр.
Ағымдағы жылдың 12 қарашасында мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Премьер-министр ОлжасБектеновтың қатысуымен Қызылорда қаласындағы «Қорқыт Ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының ашылу салтанаты өтті.
Аталған жаңа жолаушылар терминалы, «Болат Өтемұратов қоры» Жеке қорының демеушілігімен салынды.
Атап айтқанда, «Болат Өтемұратов қоры» «Қызылорда қаласының «Қорқыт ата» әуежайының жаңа жолаушылар терминалының құрылысы» жобасын іске асыруға 16,6 млрд. теңгені (33,0 млн. АҚШ долл.) арнайы бөлді.
Осы ретте,облыстық бюджеттен 4,3 млрд. теңге қаржы қаралып, Қызылорда қаласы әкімдігімен жаңа жолаушылар терминалына сыртқы инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымдарын жеткізу (су, кәріз, электр және интернет желілерін тарту, бу қазандығы мен КНС,автотұрақтар, автомобиль жолын салу) жұмыстары жүргізілді.
Жаңа жолаушылар терминалы алдағы уақыттаәуе көлігі көрсеткіштерін шамамен 7 есеге арттыруға мүмкіндік береді.Жолаушылар тасымалы көлемі 300мың жолаушыдан жыл сайын 2 млн жолаушыға дейін ұлғайып,жүк тасымалдау көлемі жылына 150 тоннадан240 тоннаға дейін артады деп жоспарлануда.Жаңартылған «Қорқыт Ата» терминалы Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) және Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) жоғары стандарттарына сәйкес келеді.