Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерді қаржылай қолдау

Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерді қаржылай қолдау

Төтенше жағдай кезінде зардап шеккен кәсіпкерлерді қаржылай қолдау мақсатында «Бизнестің жол картасы 2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында несиелерді ішінара кепілдендіруге республикалық бюджеттен қосымша 295,264 млн. теңге бөлінді.

Қаржыландыру жоспарына сәйкес, а.ж. мамыр айында "Даму" кәсіпкерлікті дамыту қорына 147,632 млн. теңгесі аударылды және қалған 147,632 млн. теңге қаржыны игеру желтоқсан айына жоспарланған.

Бағдарлама аясында жыл басынан бері жалпы несие құны
4,9 млрд. теңгеге 165 жоба кепілдендірілді, ал берілген кепілдіктер құны 1,8 млрд.теңгені құрады.