ҚЫЗЫЛОРДАДА АҚПАРАТТЫ ЖИНАУ ЖӘНЕ САҚТАУ БОЙЫНША DATA ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА АҚПАРАТТЫ ЖИНАУ ЖӘНЕ САҚТАУ БОЙЫНША DATA ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАДА АҚПАРАТТЫ ЖИНАУ ЖӘНЕ САҚТАУ БОЙЫНША DATA ОРТАЛЫҚ АШЫЛДЫ

Ағымдағы жылдың 30 шілде күні «Деректерді өңдеу орталығы» (ДӨО) таныстырылымы өтті. Аталған іс-шараға басқармалар мен ІТ-компаниялардың басшылары қатысты.

Шара ұйымдастырушысы Қызылордатранстелеком филиалы 1.4 Га жер учаскесінде салынған ауданы 1434 ш.м. тұратын деректерді өңдеу орталығының мүмкіндіктері мен инфрақұрылымын таныстырды. Қызылордада деректерді өңдеу орталығы 2020 жылы басталып, барлық жабдықты пайдалануға беруді қоса алғанда, 10 айда іске асырылып отыр.

Бұл жобаны іске асыру икемді және істен шығуға тұрақты ІТ-инфрақұрылымын құру бойынша инновациялық шешімдерді ұйымдастырудың жаңа деңгейіне көшу болып табылады.

Деректерді өңдеу орталығы - бұл серверлік залдары, техникалық үй-жайлары, резервтік инфрақұрылымы және желілік/физикалық қауіпсіздікті қатаң бақылауы бар оқшауланған ғимарат. Қарапайым сөзбен айтқанда, мұнда сіз өзіңіздің серверіңізді қоя аласыз, виртуалды серверді жалға ала аласыз. Сервер бөлмелері әрдайым жұмыс істеп тұратындай етіп жабдықталған, ал сыртқы факторлар олардың жұмысына әсер ете алмайды.

Деректерді өңдеу орталығы клиенттер үшін бұл қаржылық жағынан тиімді болып табылады. Оларға жеке бөлме, қымбат жабдық сатып алудың және қызметкерлерді жалдаудың қажеті жоқ. Орталықта жай бөлмені немесе серверлік жабдықты жалға алу жеткілікті. Орталықтың ресурстық мүмкіндіктерін жергілікті компаниялар пайдалана алады.

Data орталықтардың ашылуы ақпараттық-коммуникациялық нарықты және «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыруды дамытуға ықпал етеді.

Сондай-ақ, шара барысында Қызылорда облысы цифрлық технологиялар басқармасы мен Қызылордатранстелеком филиалы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.