Тағайындау

Тағайындау

Жедел әрекет ету орталығының директоры тағайындалды

Басқарма басшысының бұйрығымен Өтебеков Оңдасын Нұрлыбекұлы Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының «Жедел әрекет ету орталығы» коммуналды мемлекеттік мекемесінің директоры лауазымына тағайындалды.

Оңдасын Өтебеков 1991 жылы туған, Ақтөбе мемлекеттік университетін, «Санкт-Петербург тау-кен университеті» Федералдық мемлекеттік бюджеттік жоғары білім беру мекемесі ҚорқытАта атындағы Қызылорда мемлекеттік университетін «Техника және технология» және «Экономика және бизнес» мамандықтары бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2017 жылы «Москва-Алматы-Консалтинг» ЖШС-де кеңесші ретінде бастаған.

2017 – 2018 жылдары «Мемлекеттік жекешелік әріптестік орталығы» ЖШС-де бас менеджер.⠀

20182021жылдары Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының жобалық басқару бөлімінің бас маманы.

2021 жылдан осы кезге дейін Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасының цифрландыру бөлімінің  бас маманы болып қызмет атқарып келді.