Мемлекеттік басқару академиясы Academy of Public Administration under the President of Kazakhstan кемінде 2 жылдық еңбек өтілі бар барлық мемлекеттік қызметшілерді 2020-2021 оқу жылына грантқа түсуге шақырады! ⠀

Мемлекеттік басқару академиясы  Academy of Public Administration under the President of Kazakhstan кемінде 2 жылдық еңбек өтілі бар барлық мемлекеттік қызметшілерді 2020-2021 оқу жылына грантқа түсуге шақырады! ⠀

Магистратура:

1 жыл:

-MPA «Мемлекеттік басқару»

-EMPA «Мемлекеттік басқару» (өндірістен қол үзбей)

-MIR «Халықаралық қатынастар»

-EMBA «Іскерлік әкімшілік» (өндірістен қол үзбей)

-MRD «Өңірлік даму» (өндірістен қол үзбей)

2 жыл:

-MPP «Мемлекеттік саясат»

-ME «Экономика»

Докторантура: 3 жыл

-DPA «Мемлекеттік басқару»

-DIR «Халықаралық қатынастар»

Қажетті құжаттар тізімі:

Өтініш

Жоғары білім туралы құжаттың көшірмесі

Мемлекеттік тілді меңгеру туралы QAZAQ RESMI TEST немесе QAZTEST сертификаты (В1-ден кем емес)

Шет тілін меңгергендігін растайтын сертификат

Магистратура үшін:

IELTS немесе IELTS indicator-4.0

TOEFL PBT-437

TOEFL IBT-41

APTIS-B1/4.0

Докторантура үшін:

IELTS немесе IELTS indicator 5.5

TOEFL PBT-513

TOEFL IBT-65

APTIS-B2/5.5

Ағылшын тілі оқу тілі болып табылатын шетелдік білім беру ұйымдарында дәреже иеленген үміткерлер бұл талаптан босатылады.

ҚР мемлекеттік қызметшілері үшін – қызметтік тізім, шетелдік үміткерлер үшін – кадрларды есепке алу жөніндегі жеке парақ

Мемлекеттік органның жолдамасы;

Жазбаша жұмыстар:

-докторанттар үшін – зерттеу жұмысының жоспары

-магистранттар үшін конкурстық іріктеудің бірінші кезеңінде жазылады.

Ағылшын және қазақ тілі бойынша көрсетілген сертификаттар болмаған жағдайда үміткерлердің құжаттарды тапсыру кезінде www.apa.kz сайтында 23 наурызға дейін Pre-sessional курстарына жазылуға мүмкіндіктері бар.

Дайындық курстары Академия сайтында www.apa.kz онлайн тіркеуден өткен үміткерлер үшін ғана қолжетімді болады. Курс 3 модульді қамтиды:

Академиялық хат жазу және көпшілік алдында сөз сөйлеу

Ағылшын тілі

Ресми-іскерлік қазақ тілі

Pre-sessional курстары туралы толық ақпаратты#presessional2021 хештегі бойынша таба аласыздар.

Академияда оқудың артықшылықтары:

-лауазымдық жалақы деңгейіндегі шәкіртақы;

-шетелде тағылымдамадан өту мүмкіндігі;

-Академияда оқитындарға арналған жатақхана;

-оқу уақыты мемл.қызмет өтілі ретінде есептеледі;

-жұмыс орнының сақталуы;

Құжаттар қабылдау онлайн түрде 5 маусымға дейін жүргізіледі. Толық ақпарат www.apa.kz сайтында.