«ONLINE MEET-UP - DIGITAL QYZYLORDA» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

«ONLINE MEET-UP - DIGITAL QYZYLORDA» КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

Бүгін «Online Meet-Up - Digital Qyzylorda» тақырыбында онлайн форматта кездесу өтті. Кездесуге басқарма басшысы, басқарма басшысының орынбасары, «Ақпараттық технологиялар орталығы» КММ директоры, облыстың ІТ қауымдастық өкілдері және жауапты сала мамандары қатысты.Кездесуде сөз алған басқарма басшысы Тремасова Юлия «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы, оның іске асырылу барысы туралы айтты.

Шараның басты мақсаты – облысты цифрландыруда өңірдің ІТ мамандарының үлесін арттыру.

Кездесу барысында «Ақылды қала» эталонды стандарты, ашық деректер порталы және облыстың ІТ саладағы мүмкіндіктері мен дамуы талқыланды. Сонымен қатар, ІТ PARK орталығында атқарылып жатқан жұмыстар айтылды. ІТ PARK орталығы Astana Hub - ІТ стартаптардың халықаралық технопаркінің ресми өкілі болып табылады. Бүгінде орталықта цифрландыру және басқа да салалар бойынша жобалар жасалуда.

Шара қатысушыларына азаматтардың Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан шығатын әртүрлі деректер жиынтығына толық қол жеткізумен қамтамасыз ету мақсатында құрылған «Ашық деректер» порталы онлайн режимде таныстырылды. Жалпы алғанда, қазіргі таңда data.egov.kz порталында Қызылорда облысы бойынша 130-дан астам ашық деректер жиынтығы қолжетімді.

Осы ретте, басқарма басшысының орынбасары аталған порталдың бағдарламашылар үшін тиімді екенін, яғни «Ашық деректер» (data.egov.kz) порталының көмегі арқылы, ақпаратты жүктеп алуға және өз қалауынша коммерциялық және коммерциялық емес мақсатта қолдануға болатынын атап өтті.

Сондай-ақ, қатысушылармен пікір алмасу барысында QWANT-инновациялық бағдарламалау мектебінің өкілі облыс бағдарламашыларына арнайы 1 айлық тегін оқыту курсын ұсынды.

Кездесу қорытындысы бойынша, аталған мәселелерді қолдау мақсатында 2021 жылы кездесу өткізу жоспарланды.