112 – БІРЫҢҒАЙ КЕЗЕКШІЛІК-ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТІ ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

112 – БІРЫҢҒАЙ КЕЗЕКШІЛІК-ДИСПЕТЧЕРЛІК ҚЫЗМЕТІ ТӘУЛІК БОЙЫ ЖҰМЫС ІСТЕЙДІ

2018 жылдың қарашасынан бастап Қызылорда қаласында пилоттық режимде «Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызмет – 112» жобасы іске қосылды.

Жобаның мақсаты халықтың қауіпсіздігі мен қорғалуына кепілдік беру, шұғыл әрекет ету және жедел қызметтердің өтініштерге үйлесімді өзара іс-қимылы, шұғыл жағдайлар туындаған кезінде іс-қимыл уақытын қысқарту, шұғыл жедел қызметтердің ресурстарын ұтымды бөлу және пайдалану болып табылады.

«БКДҚ-112» инфрақұрылымы шақыруларды қабылдауға арналған ІР телефониясы, цифрлық картографиялық қамтамасыз ету, көлік құралдарын мониторингтеу, оқиғалар карточкаларын диспетчерлеу бар «Көмек-112» бірыңғай ақпараттық жүйесінен, сондай-ақ, барлық кезекші-диспетчерлік қызметтерді «101», «102», «103», «112» біріктірген «112» бірыңғай нөмірінен және 15 оператор пультінен тұратын Колл-орталықтан тұрады.

Бірінші қоңыраудан бастап барлық өтініштерді БКДҚ-112 әмбебап операторы өңдейді, өтінім карточкасы толтырылады және жүйеде тіркеледі, қажет болған жағдайда бірнеше шұғыл қызметтер қосылады және орындауға жіберіледі. Бұдан әрі, бағыттаушы диспетчерлер «Көмек-112» жүйесінде орындалуын қадағалайды.

Бүгінгі таңда «Көмек-112» жүйесіне облыстың барлық жедел жәрдем станциялары, полиция және төтенше жағдайлар бөлімшелері қосылған. GPS жабдықтары жедел қызмет экипаждарының барлық көлік құралдарында орнатылған және жүйенің цифрлық картасында бақыланады. Облыстың аудан орталықтарынан қоңыраулар қабылдауды жүзеге асыру 2021 жылдың басында жоспарлануда.

Жобаны енгізумен мынадай әсерлерге қол жеткізілді: бір терезе қағидаты бойынша жедел қызметтерді шақыру, шақыруларды қабылдау және өңдеу уақыты 30% - ға қысқартылды, 102 - ден 5 минутқа дейін ден қою уақыты қысқарды; 103-тен 17-ден 13 минутқа дейін, жедел қызметтер желілерінің бос болмауы 100% алынып тасталды, шақыруларға қызмет көрсетуді бақылаудың тиімділігіне, жалған шақырулар саны қысқартылды.

2020 жылдың басынан бастап «БКДҚ-112» 465 424 өтініш келіп түсті, оның ішінде: төтенше жағдайлар бойынша (101-желі) – 1409, полиция бойынша (102-желі) – 37 561, жедел жәрдем станциясы бойынша (103-желі) – 426 454.