АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРДІ КЕҢ ЖОЛАҚТЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕ БРИФИНГ ӨТТІ

АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРДІ КЕҢ ЖОЛАҚТЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША АТҚАРЫЛЫП ЖАТҚАН ЖҰМЫСТАР ЖӨНІНДЕ БРИФИНГ ӨТТІ

Ауылдық жерлерді кең жолақты интернетпен қамтамасыз ету бойынша атқарылып жатқан жұмыстар жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте басқарма басшысы Юлия Тремасова айтты.

         Брифингке «Кселл» компаниясының жергілікті өкілдері филиал директоры Ерлан Мамрайханұлы Тұрсынхожаев және компанияның инженері Асхат Болатұлы Шектібаев және «Билайн» компаниясынан Юрий Иванович Вакуленко - техникалық бөлімнің бастығы және Владимир Геннадьевич Аникин - радиоқолжетімділік желісін жоспарлау және оңтайландыру инженері қатысты.

         Президент 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жолдауында цифрлық теңсіздікті жою, Интернетке барынша қолжетімділікті және сапалы байланысты қамтамасыз ету қажеттігіне ерекше назар аударды.

         «Үкіметте бұл мәселе тұрақты бақылауда тұр, себебі қашықтықтан жұмыс істеу, қашықтықтан оқыту, электрондық түрде мемлекеттік қызметтер көрсету және интернет-сауданы белсенді дамыту жағдайларында қазіргі кездегі неғұрлым өзекті болып табылады.

         Қазақстандықтарды халық саны 250 адамнан асатын ауылдық елді мекендерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету екі жобаны іске асыру арқылы жүзеге асырылады: "Талшықты-оптикалық байланыс желісін салу" (ТОБЖ) және "Интернетке мобильді кеңжолақты қолжетімділік" (ИМКҚ).

         Бірінші жоба шеңберінде ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында біздің өңірдің 73 ауылдық елді мекенінің мемлекеттік органдары үшін ТОБЖ құрылысы толығымен аяқталды және 64 ауылдық әкімдік, 72 білім беру мекемесі және 69 медициналық мекеме талшықты-оптикалық байланыс желісіне қосылды.

         Екінші жобада "Nur Otan" партиясының "Қазақстан-2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық" атты Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі біздің өңір бойынша халық саны 250 асатын 30 елді мекенді жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуді жоспарлап отыр. – Юлия Тремасова.

         Қазіргі таңда Қазылорда облысында 811 мың адам тіркелген, оның ішінде халықтың 448 мыңы немесе 55% - ы ауылдық жерлерде тұрады.

         Бүгінгі күні Қызылорда облысының 230 АЕМ-нің 170-і кең жолақты интернетпен қамтамасыз етілген, бұл 74% - ды құрайды.

         - халық саны 250 адамнан асатын 173 елді мекеннің 140-ы (81%);

         - халық саны 250 адамнан кем 57 елді мекеннің 30-ы (53%) интернетпен қамтамасыз етілген.

         «Ұялы байланыс операторлары мен ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі арасында жасалған меморандум шеңберінде 2020 жылдың соңына дейін 23 ауылдық елді мекенде, оның ішінде "Билайн" компаниясы 4 және  "Кселл" компаниясы 19 базалық станциялардың  орнату жоспарланған. 23 базалық станция құрылысына жер телімдері бөлініп, электр энергиямен жабдықтау мәселесі шешілген. Қалған 7 АЕМ-ді қамтамасыз ету жаңғырту жолымен шешілетін болады.» - басқарма басшысы.

         Брифинг барысында басқарма басшысы провайдерлермен жүргізіліп жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.

         Бүгінде "Билайн" операторы 3 елді мекенді іске қосты, Арал ауданындағы Тоқабай, Қызылжар және Қазалы ауданындағы Шәкен ауылдарында базалық станция іске қосылды.

         Кселл операторы 7 елді мекенді іске қосты, Жаңақорған ауданының Қосүйеңкі ауылында, Арал ауданының Бекбауыл, Құмбазар, ауылдарында базалық станциялар іске қосылды. Ал Ерімбетжаға, Жалаңаш, Абай, Жіңішкеқұм ауылдары іске қосылуы күтілуде.

         Ағымдағы жылдың соңына дейін қосымша 21 ауылдық елді мекен іске қосылады деп күтілуде, осылайша облыс бойынша мобильді интернетпен қамту 80% - ды құрайды. Оның ішінде:

         - 16 елді мекенде базалық станцияны іске қосу;

         - 5 елді мекенде жұмыс істеп тұрған станцияларды жаңғырту.

         Қазіргі уақытта 250 адамнан астам халқы бар, 3G және 4G мобильді интернетімен қамтамасыз етілмеген 12 АЕМ ғана проблемалық болып қалуда.

         Аталған елді мекендер бойынша және халық саны 250 адамнан кем 27 елді мекен бойынша ауылдарда орналасқан биік ғимараттар, телефон және теледидар мұнараларының барлығына егжей-тегжейлі тексеру жүргізіліп, олар туралы деректер байланыс операторларына жолданды, сондай-ақ қалған ауылдарды жақын маңдағы елді мекендер арқылы қамту мүмкіндігі қарастырылуда.

         Қызылорда қаласының шағын аудандарына қатысты "Қазақтелеком" және "Транстелеком" компаниясы Қызылорда қаласының Сол жағалауындағы көп қабатты үйлер үшін интернет жүргізуде.

         "Қазақтелеком" қазірдің өзінде 3 үй (22,23,25) қосылған, тағы 3 үй (27,28,29) ағымдағы айдың соңына дейін қосылатын болады. Сондай-ақ, айдың соңына дейін "Транстелеком"  11 үйді (1,2,4,5,6,7,8,9,10,11,12) қосуды жоспарлап отыр.

         Сонымен қатар, "Билайн" компаниясы "Бейбарыс", "Астана1",                 "Астана 2", "Арай 2", " Арай 3", Шүкіров көшесінде орналасқан "Бәйтерек", "Тасбөгет", "Южный", "Титов", "КБИ" шағын аудандары мен Қызылорда қаласының "Сол жағалауын" жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз етуге дайындығын білдірді.

         - Осы мәселе бойынша Қызылорда облысының цифрлық технологиялар басқармасы қолданыстағы Интернетке және жаңа АЕМ-ді қосуға тұрақты талдау жүргізуде. Қаланың ауылдық елді мекендері мен шағын аудандары тұрғындарының абоненттік нөмірлерін көрсете отырып, мобильді интернеттің сапасы бойынша проблемалық мәселелер аумақтық байланыс инспекциясына, сондай-ақ ұялы байланыс операторларына жіберіледі, - Юлия Александровна.

         Брифинг соңында басқарма басшысы жалпы жұмыстардың жалғасып жатқандығын жеткізді. Сондай-ақ, провайдерлерге аймақтың дамуына белсенді қатысқаны үшін алғысын білдірді.