Электронды қызметтердің игілігі көп

Электронды қызметтердің игілігі көп

Мемлекеттік органдар мен тұрғындардың өзара іс-қимылындағы негізгі мәселелердің бірі - мемлекеттік қызметтерді алудың сапасы мен қолайлылығын, сондай-ақ оларды электронды форматқа ауыстыруды қамтамасыз ету.
Себебі, жоғары цифрлық технологиялар заманында адамдар мемлекеттік қызметтерді кез келген жерден жылдам әрі сапалы алуды қалайды.
Қазіргі таңда жергілікті атқарушы органдармен мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 172 қызмет түрі көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес 150 қызмет түрі, яғни 87%, электронды түрде көрсетілуі қажет. Алайда, олардың ішінде бүгінгі күні электронды нысанда қолжетімдісі 124 (73%). Қалған 26 қызмет орталықтандырылған түрде салалық орталық мемлекеттік органдармен автоматтандырылады деп күтілуде.
Айта кету керек, көрсетілген 124 қызметтердің ішінде білім беру саласындағы 12 қызмет (орта білім беру саласында 5 қызмет, кәсіптік және техникалық білім беру саласында 7 қызмет) 2019 жылы Қызылорда облысының бюджеті есебінен автоматтандырылды.
Нәтижесінде 2019 оқу жылында жалпы 61 527 өтініштің 47 546-сы (77,2%) қызмет алушылармен электронды түрде ұсынылды.
Сондай-ақ, 2020 оқу жылында облыс бойынша 1-сыныпқа қабылдау үшін барлығы 19817 өтініш қабылданған болса, оның ішінде 17 620 өтінім, яғни 89% электронды түрде жолданған.
Сондай-ақ, бүгінгі күні тек біздің облысымызда техникалық және кәсіптік білім беру саласындағы құжаттарды қабылдау, жатақхана беру, ақысыз тамақтандыру және т.б., барлығы 7 қызмет түрін электронды түрде алуға болатынын атап өту қажет.
Сонымен қатар, 2018 жылдың ІІ жарты жылдығында денсаулық сақтау саласындағы бірнеше қызметтің ішкі процестері автоматтандырылды. Нәтижесінде, «Damumed» қосымшасы арқылы бірнеше минут ішінде дәрігердің қабылдауына жазылуға және дәрігерді үйге шақыруға болады.
«Damumed» қосымшасы қолдануға өте ыңғайлы, тегін жүктеледі, онда барлық анализ нәтижелерін, еңбекке жарамсыздық парақшасын және т.б. көре аласыз. Алайда, аймақ тұрғындары аталған қосымша туралы бейхабар болғандықтан ба, әлде бұрынғы үйреншікті әдетпен бе, әлі күнге дейін дәрігерлерді үйге телефон арқылы шақырады немесе дәрігерге жазылуға емханаға келеді. Осыған байланысты денсаулық сақтау басқармасына осы қосымшаны қолданудың ыңғайлылығын және тиімділігін кеңінен насихаттауға бағытталған шаралар жүргізу тапсырылды.
Ауылшаруашылығы саласындағы субсидиялардың барлық түрлері орталықтандырылып автоматтандырылды және оларды беру шарттары мен мерзімдері әлдеқайда жеңілдетілген.
Қазіргі уақытта сәулет және қала құрылысы саласындағы барлық қызметтер, сондай-ақ жер қатынастары саласындағы мемлекеттік қызметтердің 70% -ы электронды форматқа көшірілді, 2021 жылдан бастап мүмкіндігі шектеулі азаматтар әлеуметтік қорғау саласындағы мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алатын болады деп күтілуде.
Халықтың электронды қызметтермен өзара әрекеттесуін жеңілдету мақсатында Президент өзінің Қазақстан халқына Жолдауында биометрия мүмкіндіктерін халықтың мемлекеттік қызметтерді алу кезінде және жеке бизнесте кеңінен қолдануды тапсырды.
Бүгінгі таңда республика бойынша биометрикалық параметрлер арқылы мемлекеттік қызметтерді Нұр-Сұлтан, Алматы және Қызылорда қалаларында алу мүмкіндігі бар.
Осы уақытқа дейін облыстың 11 305 азаматы биометриялық деректерін тіркеді.
Елімізде жарияланған карантин кезеңінде Мемлекеттік корпорацияның жаңартылған жұмыс режиміне көшуіне байланысты облыс орталығының тұрғындары электронды қызметтерді үйреншікті негізде Мемлекеттік корпорациядан ала алмайтын болды.
Алайда, бұл мәселе Қызылорда қаласы әкімдігінің ұйымдастыруымен 7 мекеме ғимаратында «өзіне-өзі қызмет ету бұрыштарын» ашу арқылы шешілді, онда Мемлекеттік корпорация қызметкерлері тұрғындарға электронды қызмет алуға көмектесті.
Қазіргі таңда аталған «бұрыштар» аймақтағы барлық жергілікті атқарушы органдарда, техникалық колледждерде, мектептер мен емханаларда ашылды.
Осы орайда, бүгінгі күні әлемде пандемияға байланысты болып жатқан оқиғаларды ескере отырып, мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу дағдысы әр адамға өмірлік қажеттілік екенін атап өткен абзал.
Халықтың цифрлық сауаттылығын арттыру мақсатында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында 2020 жылы 3 600 адам«электрондық үкімет» порталы арқылы электрондық қызметтерді алу дағдыларына оқытылды.
Шиелі және Сырдария аудандарынан басқа, жергілікті атқарушы органдардың ғимараттарында тұрғындарға мемлекеттік қызметтерді бір жерден алуға мүмкіндік беретін «Сервистік әкімдіктер» ашылды.
Жалпы, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын жақсарту және жетілдіру мәселелері облыс әкімдігінің тұрақты бақылауында.