ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІНІҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

ҚР ЭКОЛОГИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒИ РЕСУРСТАР ВИЦЕ-МИНИСТРІНІҢ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСУІН ӨТКІЗУ ТУРАЛЫ ХАБАРЛАНДЫРУ

2024 жылғы 30 қараша сағат 10:00-де ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министрінің Қызылорда облысының тұрғындарымен кездесуі «Достық үйі» ғимаратында (Қызылорда қаласы,
Ы. Жахаев көшесі № 24)  өткізіледі, онлайн-көрсетілім тікелей эфирде
ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Қызылорда облысы әкімдіктерінің ресми парақшаларында («Facebook», «YouTube») ұйымдастырылады.

Сіздер сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды вице-министрмен кездесуде қоя аласыздар.

Халықпен кездесу өткізу аясында:

1) коммерциялық емес және қоғамдық ұйымдармен кездесулер;

2) азаматтарды жеке қабылдау;

3) өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарымен брифинг.

Жеке қабылдауға жазылу 2024 жылдың 29 қарашасына дейін (қоса алғанда) жүргізіледі. Кездесуге жазылу үшін ұялы
тел.: 8 (776) 117-66-10 арқылы хабарласуды және сұрақтарыңызды алдын-ала «WhatsApp» нөмірге немесе электрондық мекен-жайға: prd@korda.gov.kz жолдауды сұраймыз. Өткізілу уақыты 2024 жылғы
30 қараша сағат 09:00.

Азаматтарды белсенді қатысуға және ҚР Экология және табиғи ресурстар вице-министріне сұрақ қоюға шақырамыз.