Хабарландыру

Хабарландыру

«Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 95 және 96-баптарының талаптарына, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 3 тамыздағы № 286 бұйрығыменбекітілген Қоғамдықтыңдауларөткізуқағидаларының 42-тармағының 4-тармақшасына және 43-тармағына сәйкес, 01.10.2024 жылдан бастап 14.10.2024 жылға дейінгі кезеңде «Титан және магний өндірісі», «Елді мекендердің орталықтандырылған су тарту жүйелерінің сарқынды суларын тазарту», «Атмосфералық ауаға және су объектілеріне шығарылатын ластаушы заттардың эмиссияларына мониторинг жүргізу», «Негізгі органикалық химиялық заттаржәне полимер өндірісі» ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалық жобаларын жария талқылаулар арқылы қоғамдық тыңдаулар өтетінін хабарлайды.

Жоғарыда көрсетілген ең үздік қолжетімді техникалар бойынша анықтамалықтардың жобаларын Бірыңғай экологиялық порталдан, Жарияланған жария талқылаулар айдарынан қарауға болады (Ecoportal.kz).

Барлық ескертулер және/немесе ұсыныстар Бірыңғай экологиялық порталда (Ecoportal.kz) қабылданады.

Қосымша ақпаратты мына мекенжайдан алуға болады: 010000, Астана  қаласы, Достық көшесі, 18ғимарат,  тел.: 8 7172 797-795.