Хабарландыру

Хабарландыру

Арал-Сырдария бассейні бойынша шектеулер мен тыйым салулар:
Сағадан Түркістан облысының әкімшілік шекарасына дейінгі Сырдария өзенінде 1 сәуір мен 30 мамырды қоса алғандағы аралықта, Қызылорда облысының шегіндегі су айдындарында 20 сәуірден 10 маусымды қоса алғандағы аралықта, Кіші Арал теңізінің су айлағында 1 мамырдан 10 маусымды қоса алғандағы аралықта (Сарышығанақ және Бутакова шығанағында сонымен қатар, осы шығанақтарды байланыстыратын сағаларда мұздың ыдырауынан бастап маусымның 10-на дейін) балық аулауға тыйым салынады.
Сонымен қатар, артемияның көбеюі кезеңінде Өзбекстан Республикасының мемлекеттік шекарасына дейін Қазақстан Республикасының аумағы шегінде Тұщыбас, Чернышева шығанақтарын қоса алғанда, Үлкен Арал теңізінде 1 сәуірден 31 шілдені қоса алғандағы аралықта артемия жұмыртқаларын жинауға және дайындауға тыйым салынады.
Табиғат пайдаланушылардың назарына: уылдырық шашу кезеңінде жоғарыда көрсетілген мерзімде балық шаруашылығын жүргізуге арналған шартқа сәйкес бекітілген су айдындарында және (немесе) учаскелерінде балық ресурстарын қорғауды қамтамасыз ету қажеттілігін назарларыңызға саламыз.
Байланыс телефондары: 8 (7242) 60 53 68