Жалпы ақпарат:
Сырдария өзенін «Орталық Азияның патшайымы» деп атайды, себебі бұл аймақтағы өзендердің ішіндегі ең ұзын және суының молдығы жағынан екінші өзен. Оның ұзындығы-2212 шақырым. Сырдария Нарын және Қарадария өзендерінің қосылуы арқылы Ферғана алқабының шығыс бөлігіндегі таулардан бастау алады. Өзен бассейнінің аумағында Қырғызстанның 3 облысы орналасқан: Нарын, Жалал Абад және Ош, Тәжікстанның Соғды облысы, Өзбекстанның 6 облысы: Әндіжан, Наманган, Ферғана, Ташкент, Жизақ және Сырдария және Қазақстанның 2 облысы: Түркістан мен Қызылорда.
Өгем және Келес өзендері Сырдарияның табиғи жүйесінің ажырамас бөлігі болып табылады, бірақ халықтың өсуі, өнеркәсіптің дамуы және қоқыспен ластану оларға үлкен зиян келтіреді. Біздің қоғамдастықтың әл-ауқаты мен өмірі Сырдария өзенінің су ресурстарының жағдайына байланысты. Өзендерімізді бірге сақтайық!
Байқау мақсаттары:
Ұйымдастырушы: Су ресурстары және қоршаған орта бойынша USAID аймақтық жобасы
Байқауға қатысушылар
Байқау мақсатты бассейн аумағында тұратын 7 жастан 15 жасқа дейінгі жас санаты арасында өткізіледі. Байқауға мектеп, көркемөнер үйірмелерінің оқушылары, жағалаудағы елді мекендердің жергілікті тұрғындары қатыса алады.
Байқауға ұсынылатын жұмыстарға қойылатын талаптар.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: Компьютерде графикалық редакторларда орындалған жұмыстар қабылданбайды.
Байқауды өткізу
Суретті сканерлеп, «Сырдария өзенінің күні – Қазақстан Республикасы» деген белгімен info@carececo.org атты
ұйымдастырушылардың электрондық поштасына жіберу керек.
Байқауды өткізу кезеңі: 2022 жылғы 1 шілдеден 15 тамызға дейін. Жеңімпаздар іріктеу комиссиясының дауыс беруі арқылы анықталады. Комиссия мүшелері: Өгем Келес ХБК - нің 2 өкілі, Су ресурстары және қоршаған орта бойынша USAID Өңірлік жобасының өкілі, Арал-Сырдария бассейндік инспекциясының мүшелері, ОААЭО өкілі.
Байқау қорытындыларын жариялау және марапаттау
Үздік жұмыстарды марапаттау әрбір елде Сырдария өзені күнін мерекелеу аясында ұлттық деңгейде – 2022 жылғы қыркүйектің ортасында Қазақстан Республикасының Сарыағаш қаласында өткізілетін болады. Жеңімпаздар толығырақ ақпаратты электрондық поштаға хабарлама арқылы алады. Жеңімпаз (1 орын) және оның заңды өкілі аймақтық іс - шараға -2022 жылдың қыркүйегіндегі Қызылорда қаласындағы Сырдария өзені күніне шақырылады.
Байқау жеңімпаздарының саны
1 орын-1 қатысушы
2 орын-2 қатысушы
3 орын-3 қатысушы
Жұмыстар көрмеде ҚР-дағы Сырдария өзені күніне арналған мерекелік іс - шараларды өткізу кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы, Қызылорда қаласындағы өңірлік іс-шарада пайдаланылатын болады, 2022 жылғы қыркүйекте қосымша-жеңімпаздардың жұмыстары және ерекше қызығушылыққа ие болған қосымша бес жұмыс қатты қағаз форматта басып шығарылады және мектептерге, ХБК кеңсесіне және жергілікті әкімшілікке қабырғаға орналастыру үшін жіберіледі, сондай-ақ Сырдария өзені күні Мәдени іс-шараларының соңғы жарияланымына енгізіледі.
Байқауға қатысушылардың жұмыстарын бағалау кезінде қазылар алқасы келесі өлшемдерді басшылыққа алады:
Жалпы ережелер
Сырдария өзені күнін мерекелеу күніне жоғары оқу орындарының 1-4 курс студенттеріне арналған «Туған өлке өзендері» тақырыбында эссе мен өлеңдер байқауы.
Мақсаттары:
- жастарды су ресурстары мен қоршаған ортаны қорғау және ұқыпты пайдалану мәселелеріне тарту,
- студенттердің белсенді азаматтық ұстанымын дамыту;
- су идеясын аймақтағы бейбітшілік пен келісімнің қайнар көзі ретінде жылжыту
- студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту, шығармашыл және талантты жастарды анықтау және көтермелеу.
Ұйымдастырушы: Су ресурстары және қоршаған орта бойынша USAID аймақтық жобасы
Байқауға қатысушылар
Байқауға ҚР жоғары оқу орындарының 1-4 курс студенттері қатысады.
Байқауды өткізу тәртібі
Байқау 2022 жылғы 1 шілдеден 31 тамызға дейін бір кезеңде өткізіледі.
Эссе 2022 жылғы 31 тамызға дейін қоса алғанда, «Қазақстан Республикасы Сырдария өзені күні эссе мен өлеңдер байқауы» белгісімен info@carececo.org электрондық поштасы арқылы жіберіледі
Бір қатысушыдан біреуден артық емес шығармашылық жұмыс жіберілуі мүмкін.
Байқауды өткізу үшін іріктеу комиссиясы құрылады, оның құрамына келесілер кіреді: Өгем Келес ХБК 2 өкілі, USAID су ресурстары және қоршаған орта жөніндегі өңірлік жобасының өкілі, АСБК мүшелері, ОААЭО өкілі
Жұмыстарға қойылатын талаптар
Байқауға ұсынылған жұмыстар мазмұны мен ресімделуіне қойылатын келесідей талаптарға сәйкес болуы тиіс:
- байқаудың тақырыбынан ауытқымауы;
- автордың жеке позициясын көрсетуі;
- бірегейлігі;
- автордың өз пікірін негіздеу қабілеті.
Ресімдеуге қойылатын талаптар:
Байқау жұмысы тәжік / қазақ / өзбек / орыс немесе ағылшын тілдерінде орындалуы мүмкін.
Жұмыс Word форматында, 1,0 аралық, Times New Roman қарпі, 14 кегль. Жұмыс көлемі эссе үшін 2 парақтан және өлең үшін 1 парақтан аспауы керек. Цитаталарды пайдаланған кезде-сілтемелерде сөйленімдердің көзі көрсетіледі.
Титулдық парақты ресімдеуге қойылатын талаптар:
- білім беру мекемесінің толық атауы;
- тақырыбы;
- автор туралы мәліметтер: тегі, аты, әкесінің аты, курсы, тобы, байланыс телефонының нөмірі, электрондық поштасы.
Осы Ереженің талаптарын бұза отырып орындалған және плагиатқа тексеруден өтпеген эсселер мен өлеңдерді байқау комиссиясы қарамауға құқылы.
2022 жылғы шілдеден кеш түскен жұмыстар қаралмайды.
Байқау қорытындысы, жеңімпаздар саны және байқау жүлделері
1 орын-1 қатысушы
2 орын-2 қатысушы
3 орын-3 қатысушы
Байқаудың жеңімпазы (1 орын) аймақтық іс – шараға-Қызылорда қаласындағы Сырдария күніне 2022 жылдың қыркүйегінде шақырылады. Барлық жеңімпаздардың жұмыстары ҚР-да Сырдария өзені күніне арналған мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде, сондай-ақ 2022 жылғы қыркүйекте Қазақстан Республикасының Қызылорда қаласындағы өңірлік іс-шарада көрмелік баннер үшін пайдаланылатын болады.
Сонымен қатар, жеңімпаздардың жұмыстары мен ерекше қызығушылық танытқан бес жұмыс Сырдария өзені күні мәдени іс-шараларының қорытынды жарияланымына енгізіледі.