Су шаруашылығы қызметкерлері күні

Су шаруашылығы қызметкерлері күні

Тіршілік көзін қасиетті су деп білген, ел тұтастығына берекелі еңбегімен тыныс берген, табиғатын қоршаған ортаны өмір тірегі, тіршілік жүрегі деп таныған, таза суды бақытына балаған, жер анадан ырыс терген су шаруашылығының қызметкерлерінің бүгін төл мерекесі. Айтулы мерекеге облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов қатысып, ізгі тілегін білдірді. Атаулы төл мереке қарсаңында аймақтың және өңірлердің су шаруашылығы саласына қосқан елеулі үлесі үшін бір топ қызылордалық Су шаруашылығының ардагері төсбелгісімен, Су шаруашылығының үздігі төсбелгісімен, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Құрмет Грамотасымен, Су ресурстары комитеті Төрағасының Алғыс хатымен және Қызылорда облысы әкімінің Алғыс хатымен марапатталады.
Салтанатты жиында Су шаруашылығының үздігі төсбелгісімен Қызылорда облысының табиғи ресурстар мен табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жансұлтанұлы мен бас маманы Жұмаева Жанна марапаттталса, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Құрмет Грамотасымен басқарманың бөлім басшысы Раушан Оспанова, Қызылорда облысы әкімінің алғысымен басқарма маманы Советбек Ақкенже марапатталды.