Операторлар назарына!

Операторлар назарына!

Қазақстан Республикасы Экология Кодексінің (бұдан әрі - Кодекс), 122-бабының 2-тармағына сәйкес, әсер етуге арналған экологиялық рұқсаттың қолданылуы кезеңінде әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты алу үшін, өтінішке қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы, қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы, өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы қоса беріледі.

I немесе II санаттағы объектілер үшін әсер етуге экологиялық рұқсатқа қосымша ретінде мыналар ұсынылады:

- Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 9 тамыздағы №319 бұйрығымен бекітілген Экологиялық рұқсаттар беру, қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны ұсыну қағидаларын, әсер етуге экологиялық рұқсат бланкілерінің нысанын және оларды толтыру тәртібін беру қағидаларының 16-қосымшасына сәйкес келтіріліген нысан бойынша қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспары;

- Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 шілдедегі №250 бұйрығымен бекітілген I және II санаттағы объектілерді өндірістік экологиялық бақылау, ішкі есепке алуды жүргізу, өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша мерзімдік есептерді қалыптастыру және ұсыну бағдарламасын әзірлеу қағидалаларының (бұдан әрі – ӨЭБ қағидалары) 1-қосымшасына сәйкес келтірілген нысан бойынша өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы.

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы Экологиялық Кодексі бойынша экологиялық рұқсат алынып жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарға қатысты ҚОҚІЖ және ӨЭБ бойынша есептерді ұсыну тиісті санат расталған жағдайда ӨЭБ қағидаларында көзделген нысандарға сәйкес электрондық түрде жүзеге асырылатынын атап өтеміз.

ҚОҚЖІЖ бойынша есептерді ұсыну мерзімділігі (Кодекстің 125 –бабы) – жыл сайын, ӨЭБ (ӨЭБ қағидаларының 23-тармағы) – тоқсан сайын.

Сонымен қатар, III - IV санаттан I - II санатқа өткен объектілер қолданыстағы ҚОҚЖІЖ және ӨЭБ бағдарламасы болған жағдайда ӨЭБ қағидаларында көзделген жаңа нысандарға сәйкес есептілікті ұсынады.