Қызылорда облысында ландшафттарды қалпына келтіру жобасы іске асырылады

Қызылорда облысында ландшафттарды қалпына келтіру жобасы іске асырылады

Бүгін облыс әкімінің орынбасары Жаханов Бахыт Дүйсенұлының төрағалығымен Қазақстан Республикасындағы ландшафттарды қалпына келтіру, Дүниежүзілік Банк Жаһандық экологиялық қоры-7 жобасын облыс аумағында іске асыру бойынша кездесу өтті.

Кездесуге Дүниежүзілік Банк өкілдері, ЭГжТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, мемлекеттік орган өкілдері мен орман шаруашылығы мекемелерінің директорлары қатысты.

Жоба 2021-2025 жылдар аралығында жүзеге асырылады.

Аталған жоба аясында

1.Қазалы орман мекемесінің аумағында орман питомнигін құру;

2.Қызылорда қаласының айналасында Жасыл аймақ құру;

3.Қызылорда қаласының жасыл белдеуінде агроорман шаруашылығының үш модульдік учаскесін құру;

4.Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы алқапта орман қорының жерлерін картаға түсіру;

5.Арал теңізінің құрғаған түбінде орман мелиоративтік екпелер отырғызуға арналған алаңдарды іріктеу үшін жобалау-іздестіру жұмыстарын жүргізу;

6.Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің техникалық жарақтандырубағытында жұмыстар атқарылатын болады.