Облыс аумағында дүниежүзілік «world cleanup day» экологиялық акциясы өтті

Облыс аумағында дүниежүзілік «world cleanup day» экологиялық акциясы өтті

Акцияның басты мақсаты — табиғатымыздың ластану проблемасына назар аудару және экологиялық мәдениетті қалыптастыру болып табылады.

Осыған байланысты бүгін Бүкілдүниежүзілік тазалық күні қарсаңында басқарма, «Қазсушар» РМК, Қызылорда облыстық экология департаменті, Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясы, Арал-Сырдария облысаралық бассейндік инспекциясы, ШЖҚ «Табиғат» мекемлерінің қызметкерлері «Ақмешіт-Сырдария» орталық мешіті аумағында «Birge: Taza Qazaqstan» экологиялық акциясын өткізіп, тазалық жұмыстарын жүргізді.

Нәтижесінде белгіенген аумақтардағы қоқыстар алынып, ағаштар арамшөптерден тазартылды.

Табиғатты таза ұстау баршамызға ортақ міндет!