Көлтоған су қоймасының жағдайы бақылауда.

Көлтоған су қоймасының жағдайы бақылауда.

Бүгін басқарма басшысы Бауыржан Шаменов, «Табиғат» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Хамза Альмаханов Жаңақорған ауданы, Ақүйік елді мекенінен 2,5 шақырым қашықтықта орналасқан «Көлтоған» су қоймасының жұмысымен танысты.

Көлтоған су қоймасының​ жалпы сыйымдылығы – 4 млн м3​ құрайды. Су қоймасы жыл басында ақпан, наурыз, сәуір және мамыр айларында тауда еріген қардың және көктем айларында жауған жаңбырдың суымен толтырылады. Қазіргі таңта су қоймасында 2,5 млн м3 су жинақталған және су қоймасына құятын таудан еріген қардың, жаңбырдың суы орташа есеппен 5,0 м3/сек құрайды.

Су қоймасы елді мекен тұрғындарына мамыр айының ортасына дейін үй-іргелік жерлерін суаруға мүмкіндік береді. Көктем​ айларында Ақүйік арнасы арқылы «Көлтоған» су қоймасына келетін артық сулар су қоймаға салынған 4 көзді гидротехникалық құрылыс арқылы «Шұқыр-ой» көліне тасталады. Жылдың қалған мезгілдерінде су қоймасында су болмайды.