Тұқымбақ көшеттер мекені.

Тұқымбақ көшеттер мекені.

Биылғы жылы облыс аумағында жалпы көлемі 100 – гектар аумаққа тұқымбақ ұйымдастырылу жоспарлануда. Оның 8 гектар сеппе бөлімі, 8 гектар екпе бөлімі, 84 гектар аумаққа сексеуіл тұқымбағын ұйымдастыру жоспарлануда Тұқымбақта өсірілетін екпе(терек,жиде, сыр талы) мен сеппе (үйеңкі, шаған, саялы ағаштар) көшеттері көктем және күз айларында сатып алушылардың сұранысын қамтамасыз ету және орманды молықтыру мен орман қорына отырғызылатын көшеттер және қаланы жасылдандыру, көркейту мақсатында көшеттер өсіріледі.

Қала, ауылды елді мекен тұрғындарына осы ағаш түрлерін отырғызып тұрғылықты жерлерін көгалдандыруға болады.

Ағаш отырғызу оны өсіру әр азаматтың елімізді көркейтуге қосқан үлкен үлесі. Саялы ағаштар өңіріміздің көркейіп-көгеруіне маңыздылығы жоғары болса,шөлді аймаққа жататын өңіріміз үшін сексеуілдің пайдасы құмды шөлді бекітіп ұстап тұрады, 1 түп сексеуіл 4 тонна құмды ұстай алады.

Тұқымбақта өсірілетін ағаш түрлерін көбейтуге барлық мүмкіндіктер жасалынатын болады.