Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің 2020 жылы атқарған жұмыстары қорытындыланды.

Орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің 2020 жылы атқарған жұмыстары қорытындыланды.

Басқарма басшысы Бауыржан Шаменовтың төрағалығымен орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің қатысуымен «2020 жылы атқарылған жұмыстары және 2021 жылы алдағы міндеттері туралы» алқа отырысы өтті.

Алқаға «Zoom» бағдарламасы арқылы аудандардағы барлық орман шаруашылығы мекемелерінің қызметкерлері қатысты.

Алқа отырысында басқарма басшысының орынбасарлары Жұлдызай Айтжанова және қала, аудан орман шаруашылығы мекемелерінің директорлары 2020 жылы атқарылған жұмыстары мен 2021 жылға арналған міндеттері туралы хабарламалар жасады.

Қорытындысымен 2021 жылы алдағы уақытта атқарылатын шаралар пысықталды.

Сонымен қатар, мекемелердің атқарған жұмыстарын сараптау нәтижесінде, Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі «үздік орман шаруашылығы мекемесі» болып танылды.