
Облыс әкімінің орынбасары Б. Жахановтың 2026 жылға облыс көлеміндегі күріштік алқаптарда қалған балық шабақтарын құтқару жұмыстарының іс-шаралар жоспарына сәйкес, ағымдағы жылдың қазан айының 2-сі күні “Жалағаш орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі” қызметкерлері шабақ құтқару іс-шарасын өткізді.
Іс-шара барысында Жалағаш ауданы "Бұқарбай" ауылдық округіне қарасты күріш алқаптарынан 80 мың дана шамасында шабақтар құтқарылып, резервте тұрған "Бақаш-Маман" көліне жіберілді.
Іс-шараға 8 адам,2 техника қатысты.