9 шілде – су шаруашылығы қызметкерлері күні

9 шілде – су шаруашылығы қызметкерлері күні

Адамзаттың өмірі мен табиғаттың тыныс-тіршілігі судың молдығы мен сапасына тікелей байланысты. Елдің су қорын тиімді пайдалану, су нысандарын қорғау және халықты сумен қамтамасыз ету бағытында еңбек етіп жүрген су шаруашылығы саласының мамандарының еңбегі зор.

9 шілде – су шаруашылығы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі. Бұл атаулы күн Қазақстанда 2019 жылдан бастап ресми түрде мерекелер күнтізбесіне енгізіліп келеді.

Осы орайда су шаруашылығы саласында қызмет атқарып жүрген барша мамандарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс пен толағай жетістіктер тілейміз.