
2026 жылдың 7 шілде күні “Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі” және Сырдария ауданы полиция бөлімінің мамандары орман заңбұзушылықтарын болдырмау, орман және дала өрттерінің алдын алу және құрамында есірткі бар өсімдіктердің егілуін болдырмау мақсатында бірлескен рейдке шықты. Мамандар мемлекеттік орман қоры жерлерін, әсіресе, Сырдария өзені бойын шолып тексерді. Рейд кезінде орман қоры жерлерінде кездескен азаматтарға түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Жұмыс барысында заңбұзушылықтар анықталған жоқ.