
“Жалағаш орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің” қызметкерлері "Қарасора-2026" жедел-профилактикалық iс-шара жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 2-3 шiлде күндері заңмен егуге тыйым салынған есiрткi өсiмдiгiн егуге жол бермеу және алдын алу мақсатында Жалағаш аудандық Полиция бөлімі қызметкерлерімен бiрлесiп, мемлекеттік орман қоры жерлерiне дрон аппаратымен рейдтiк iс-шаралар ұйымдастырды. Рейд барысында заң бұзушылықтар анықталған жоқ. Рейдтiк ic-шара алдағы уақытта да жалғасатын болады.