Қызылорда қаласы аумағында балық шаруашылығын дамыту бағытындағы жұмыстар қарқынды жүргізілуде.
Осы орайда, басқарма басшысы Ғалымжан Бақтығалиұлы бірқатар шаруашылық нысандарын аралап, арнайы “Bal-Ali” ЖШС-не барып, балық өсіру көлемін арттыру және тәжірибе алмасу мәселелерін талқылады.
Аталған кәсіпорында африкалық жайын, сазан, бекіре секілді құнды балықтар өсірілуде.