“Көшпелі алқа отырысы” Жалағаш ауданында жалғасын тапты

“Көшпелі алқа отырысы” Жалағаш ауданында жалғасын тапты

Жалағаш ауданында облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Ғалымжан Бақтығалиұлының төрағалығымен көшпелі алқа отырысы өтті.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары, ауылдық округтердің әкімдері, салалық бөлім басшылары, ішкі істер бөлімі, төтенше жағдайлар бөлімінің басшылары қатысып, төрт негізгі мәселе қаралды: су шаруашылығы нысандарының жағдайы, орман және дала өрттерінің алдын алу, заңсыз ағаш кесу фактілері, сондай-ақ «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясындағы қалдықтарды басқару.
Отырыс барысында әр салаға жауапты бөлім басшылары тиісті баяндамаларын жасап, өзекті мәселелерді шешу жолдары талқыланды.
Нәтижесінде, аудан әкімдігіне, ауылдық округ әкімдеріне және мекеме басшыларына бірқатар нақты тапсырмалар беріліп, олардың орындалу мерзімдері белгіленді.