
“Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі” 2026 жылдың көктемгі жұмыс жоспарына сәйкес орман қоры жеріндегі 300 гектар жерге сексеуіл көшетін отырғызу жұмыстары жоспарланған.
Қазіргі таңда, орман қорынан тыс жер “Іңкәрдария” елді мекенінің аумағынан орман отырғызу жұмыстарына қажетті сексеуіл ағашының көшеті қазылуда.
Жоспар бойынша 540 мың дана көшет қазылу қажет, ал қазіргі уақытта қазылғаны 320 мың дана.