Құстарға қамқорлық- табиғатқа жанашырлық

Құстарға қамқорлық- табиғатқа жанашырлық
Құстарға қамқорлық- табиғатқа жанашырлық іс-шарасы негізінде, биоалуантүрлілікті сақтау және қалпына келтіру, елді мекендерде құстардың тіршілік етуі мен ұя салуына қолайлы жағдайлар жасау, білім беру ұйымдарының аумақтарында ұя жәшіктерін орналастыру жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр.
Аталған іс-шараның негізгі мақсаты:
-экологиялық тепе-теңдікті сақтауда маңызды рөл атқаратын, оның ішінде жәндікқоректі құстардың санын реттеу және арттыру;
-елді мекендердегі экологиялық жағдайды жақсарту;
-өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін және табиғатқа ұқыпты қарауын қалыптастыру болып табылады.
Осы орайда, «Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» қызметкерлері және Жаңақорған ауданындағы №51 орта мектебі мен №169 орыс-қазақ орта мектебінің оқушылары бірлесіп, ұя жәшіктерін әзірлеп, орналастыруға қолайлы жерлерді нақтылап, құстар популяциясын сақтау маңыздылығы жөнінде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.