Су ресурстары және ирригация министрлігі Су шаруашылығы комитеті төрағасы бұйрығымен құрылған «Дүниежүзілік банк желісі бойынша қаржыландыру үшін ирригациялық жүйелер мен су шаруашылығы құрылыстарын салу және реконструкциялау жобаларын іріктеу жөніндегі комиссия» ағымдағы жылдың 4-6 ақпан аралығында Қызылорда облысының су нысандарына іріктеу жұмыстарын жүргізді.
Комиссия құрамында: Су ресурстары және ирригация министрлігінің Су шаруашылығы ғимараттарын дамыту департаменті директорының орынбасары - Ж. Қайшыбекұлы, Су шаруашылығы комитеті, Су шаруашылығы құрылыстарын және ирригациялық жүйелерді дамыту басқармасының сарапшысы - А.М. Өткелбаев, «Қазсушар» ШЖҚ РМК
Су шаруашылығы инфрақұрылымын дамыту департаментінің директоры - Д.А. Елубеков және жергілікті су шаруашылығы мекемелерінің өкілдері.
Бұл ретте негізгі басымдық каналдарды бетондау жұмыстарына беріледі және Дүниежүзілік банкпен қаржыландырылатын болады.
Жалпы қаржыландыруға облыс бойынша барлығы 60-қа жуық су шаруашылығы нысаны ұсынылды.