“Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің” қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету, жануарлар дүниесін заңсыз пайдаланудың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шара жүргізуде.
Рейдтік іс-шара барысында бір заңбұзушылық дерегі анықталды. Атап айтқанда, бір азамат заңсыз сексеуіл ағашын сындырып жатқандығы анықталып, аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 381-1 бабының 2-тармақшасына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылып, сотқа жолданды. Сот шешімімен салынған айыппұл және табиғатқа келтірілген залал сомасы толығымен өндірілді.