Ағаш көшеттерін сақтау үшін мұзханаға мұз дайындау жұмыстары жүргізілуде

Ағаш көшеттерін сақтау үшін мұзханаға мұз дайындау жұмыстары жүргізілуде
Оңтүстік аумақтарда көктем ерте шығады. Күн райы жылынса ағаштар бүршік жарып, көктей бастайды. Көктеп, жапырақтай бастаған көшеттердің бас алып, өсіп кетуі де қиын болады.
 
Осыған байланысты, орман шаруашылығы мекемелері қыс мезгілінде мұзханаларға мұз ойып, оған ұйқыдағы ағаш көшеттерін қойып сақтайды. Мұзханада сақталған ағаш көшеттерінің тиімділігі басқа көшеттер тіріліп көктеп кеткен уақытта да ұйқыда болады және тез көтеріледі.
 
«Жалағаш орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» ағаш көшеттерін сақтайтын мұзханаға мұз салу жұмыстарын жүргізуде.