Қасқыр және шибөрі аңдарына рейдтік іс-шаралар жалғасуда

Қасқыр және шибөрі аңдарына рейдтік іс-шаралар жалғасуда

Қоршаған ортадағы биологиялық тепе-теңдікті сақтау мақсатында облыс аумағындағы жыртқыш аңдардың санын реттеу жұмыстары тұрақты түрде жүргізіліп келеді.
Өз кезегінде, 2024 жылдың 7 қарашасында облыс әкімінің орынбасары
Б.Д. Жахановтың төрағалығымен «Жабайы қасқыр аңдарын аулау жөніндегі
іс-шараларды ұйымдастыру туралы» мәжілісте Басқарма мен Қызылорда облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясына жыртқыш аңдарды қала және аудандар бөлінісіне сәйкес аулау көлемі бойынша ұсыныс енгізу туралы тапсырма берілді.
Осы орайда, өткен жылы 167 рейдік іс-шаралар ұйымдастырылып,
47 қасқыр, 6 шибөрі аңдары ауланды.
Сонымен бірге, аталған іс-шараға сәйкес 2026 жылдың 13-22 қаңтар аралығында басқармаға қарасты «Жаңақорған орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің» қызметкерлерімен (5 техника, 17 адам) Жаңақорған ауданындағы Қожакент, Машбек, Қыркеңсе, Жаңаарық, Өзкент, Түгіскен ауылдық округтерінің құм жақ беткейінде жыртқыш аңдарды аулау жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде 2 қасқыр, 90 шибөрі аңдары ауланды.