
Қыс мезгілінде ауа-райының салқындауынан өзен, көлдердің бетінде мұз қатуда. Соның салдарынан су астында оттегінің жетіспеуі туындайды.
Қауіптің алдын алу мақсатында басқармаға қарасты орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері мұздарға ойық жасап, қамыс арқылы су астын оттегімен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде.
Нәтижесімен, ағымдағы жылдың 21 қаңтар күні “Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі” резервтік қордағы Балапанды және Бекайдар көлдерінде балықтардың қырылуының алдын алуға бағытталған жұмыстарға сәйкес, 2 техника және 7 адам жұмылдырылып, 50 шұңқыр ойылып, қамыс баулар салынды.