
Қыс мезгілінде ауа-райының салқындауынан өзен, көлдердің бетінде мұз қатуда. Соның салдарынан су астында оттегінің жетіспеуі туындайды.
Қауіптің алдын алу мақсатында басқармаға қарасты орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері мұздарға ойық жасап, қамыс арқылы су астын оттегімен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде.
Нәтижесімен, Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесімен резервте орналасқан Талдыкөл және Жаманкөл көлдерінде балықтардың қырылуының алдын алуға бағытталған жұмыстарға сәйкес, 26 шұңқыр ойылып, қамыс баулар салынды.
Сонымен қатар, Арал және Қармақшы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерімен резервте орналасқан көлдерде аэрация жұмыстары жүргізілуде.