
Қыс мезгілінде ауа температурасы мен қардың төмендеуі жануарларға жем іздеуді қиындатады және олардың өмір сүру деңгейін төмендетеді. Осыған орай,биотехникалық шаралар мен қысқы азықтандыру жұмыстары аясында Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына бағынысты орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемелері жануарлардың өмір сүру ортасы көп шоғырланатын жерлерге жем беру жұмыстарын жүргізеді.
Атап өту қажет, Арал ауданы аумағында орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеме инспекторларымен жүргізілген рейдтік шаралар барысында, облыс аумағына көптеген киіктер өріс аударып жатқандығы байқалды.
Осыған сәйкес, Қармақшы, Қазалы және Арал орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерімен орман қоры жерлерінде киік жануарының өріс аудару жолдарында биотехникалық іс-шаралар жұмыстары жүргізілді.
Аталған іс-шараға 4 автокөлік, 14 мекеме қызметкерлері жұмылдырылды.
Сонымен қатар, іс-шара қыс айларының соңына дейін жүргізілетін болады.