
Сырдария ауданының Аманкелді ауылдық округінде орналасқан «Баржық» каналына ағымдағы жылы жөндеу және механикалық тазалау жұмыстары толық көлемде және уақытылы аяқталды.
Жұмыстарды «Арна» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырып, белгіленген жоспарға сәйкес орындады.
Жөндеу-тазалау жұмыстарының барысында: • канал табанындағы жиналған топырақ пен жабайы өсімдіктер толық тазаланды; • су өткізу қабілетін төмендеткен кедергілер жойылды; • жалпы жасалған жұмыстар 27 776 м³ көлемінде орындалды (экскаватор – 15 485 м³, бульдозер – 2 510 м³, мәдени-техникалық жұмыстар – 6,5 га); • бас саға құрылымында тозығы жеткен жапқыш пен көтергіш механизмі жаңартылып, ПС150-250 жазық бетті жапқышы және 2,5В көтергіш механизмі орнатылды; • темірбетон плиталары төселіп, монолитті бетон жұмыстары жүргізілді; • 15+24 пикетінде орналасқан құбырөткелде темірбетон құбырлар ауыстырылып, гидроизоляция жасалды.
Аталған жұмыстардың нәтижесінде «Баржық» каналының су өткізу қабілеті жақсарып, ауыл шаруашылығы алқаптарын сумен қамту жағдайы едәуір оңтайландырылды.
Жұмыстар сапалы әрі белгіленген талаптарға сай орындалды.