Үкі ою балықтардың қырылуына жол бермейді

Үкі ою балықтардың қырылуына жол бермейді

Қыс мезгілінде ауа-райының салқындауынан өзен, көлдердің бетінде мұз қатуда. Соның салдарынан су астында оттегінің жетіспеуі туындайды. 

Қауіптің алдын алу мақсатында басқармаға қарасты орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері мұздарға ойық жасап, қамыс арқылы су астын оттегімен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде.

Нәтижесімен ”Қазалы орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі” Қазалы ауданында орналасқан резервтегі “Ащыкөл” су айдынына 30 дана ойық ойып, қамыс баулары салынды. Іс-шараға 1 УАЗ Фермер автокөлігі және 10 адам жұмылдырылды.