
Арал теңізінің құрғаған ұлтанын ормандандыру жұмыстары бойынша “Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" жылдық жоспарға сәйкес қарабарақ тұқымының 27 700 кг жиналды. Республикалық орман селекциялық тұқым өсіру орталығының зертханасынан сараптамадан өтіп, сапалы тұқым деп танылып, 3 сыныптық талапқа сай келіп, Арал орман шаруашылығы мекемесіне 27114 кг, Қазалы орман шаруашылығы мекемесіне жоспарлы бекітілген 586 кг қарабарақ тұқымдары жөнелтілді.