
Қыс мезгілінде ауа температурасы мен қардың төмендеуі жануарларға жем іздеуді қиындатады және олардың өмір сүру деңгейін төмендетеді. Осыған орай,биотехникалық шаралар мен қысқы азықтандыру жұмыстары аясында Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасына бағынысты орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемемелері жануарлардың өмір сүру ортасы көп шоғырланатын жерлерге жем беру жұмыстарын жүргізеді.
Осы орайда "Шиелі орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі" аталған іс-шара бойынша “Жөлек” орманшылығы орман қоры жерінде қыстың қалың қарлы және қатқақ мұзды кезеңінде жабайы аң-құстардың санын және популяциясын сақтау мақсатында жануарлардың жүретін жолдары, жайылымдары мен суат көздері бар жерлерде арнайы жасалған астауларға барлығы 1 тонна жем берді. Іс-шара қыс айларының соңына дейін жүргізілетін болады.