Үкі ою - су маржанын сақтаудың тиімді жолы

Үкі ою - су маржанын сақтаудың тиімді жолы

Қыс мезгілінде ауа-райының салқындауынан өзен, көлдердің бетінде мұз қатуда. Соның салдарынан су астында оттегінің жетіспеуі туындайды.

Қауіптің алдын алу мақсатында басқармаға қарасты орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері мұздарға ойық жасап, қамыс арқылы су астын оттегімен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізуде.

Нәтижесімен ”Сырдария орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі” Сырдария ауданында орналасқан “Қоғалыкөл” және “Қаракөл” көлдеріне 73 дана ойық ойып, қамыс баулары салынды. Іс-шараға 2 "Нива" автокөлігімен 6 адам жұмылдырылды.