«Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында рейдтік жұмыстар Қазалы, Қармақшы, Жалағаш аудандарында жүргізілуде

«Браконьер» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында рейдтік жұмыстар Қазалы, Қармақшы, Жалағаш аудандарында жүргізілуде

Табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және жануарлар дүниесімен балық ресурстарының заңсыз айналымын алдын алу мақсатында жоспарлы рейдтік іс-шаралар өткізілуде.

”Қызылорда облыстық жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау жөніндегі мамандандырылған мекемесінің” инспекторларымен ағымдағы жылдың 16-ы мен 23-ші желтоқсан күндері аралығында заңсыз балық аулау және заңсыз аң атуды болдырмау мақсатында кезекті рейд барысында Қазалы, Қармақшы, Жалағаш аудандарында орналасқан резервтегі аңшылық алқаптар мен су айдындарына шолу жүргізіліп, нәтижесінде 1-заңбұзушылық (1-заңсыз балық аулау) фактісі анықталып, тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылды.