Мемлекет басшысының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы шеңберінде ағымдағы жылдың 16 қазанында «Қазақстан Комунистік Халық партиясы» Қызылорда облыстық филиалының ұйымдастырумен «Экологиялық проблемалар туралы, аймақ экономикасының табиғи және техногендік факторлары» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Дөңгелек үстелге Қызылорда облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Оспанов Бауыржан Әліпбайұлы және қоршаған ортаны қорғау және денсаулық сақтау салаларының мамандары, қоғам белсендісі Болат Нұрхожаев, бұқаралық ақпарат құрал өкілдері, мемлекеттік органдарың қызметкерлері, партия мүшелері және қала тұрғындары қатысты.
Дөңгелек үстелге қатысушылар аймақтағы қалыптасқан экологиялық мәселелер, оның шешілу жолдарын талқылап өз пікірлерімен бөлісті.
Қоғам белсендісі Болат Нұрхожаев облысымызды жасыл желекке айналдыру үшін көпшіліктің ат салысу керектігін атап өтті. Ол үшін әрбір тұрғын өз ауласына ағаш отырғызып оны күтіп баптап жауапкершілікпен қарау қажет екендігіне көпшіліктің назарын аударды.
Дөңгелек үстел барысында Б. Оспанов Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың 2020 жылығы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған экология және биологиялық әркелкілікті қорғау бағыты бойынша басқарма тарапынан атқарылған іс-шаралар жөнінде қатысушыларға түсіндірме берді.
Бұдан бөлек, Б. Оспанов заңсыз стихиялық қоқыс оырындарына жүргізіліп жатқан арнайы мониторинг жұмыстары барысы бойынша және қоғамда экологиялық сана мен экологиялық мәдениетті қалыптастыру – экологиялық білім мен тәрбие беруден бастау алатындығы туралы атап өтті.
Талқылау барысында қала тұрғындары Арал теңізінің мәселесін, Сырдария өзенінің жылдан жылға тартылуы, «Байқоңыр» ғарыш айлағының қоршаған ортаға келтіретін зияны туралы, облыс аумағында экология әсерінен ауру санының көбеюуіне алаңдаулы екенін білдіріп, осы ретте жауапты сала мамандары тарапынан толыққанды түсіндірмелер берілді.