
Табиғатты қорғау заңнамасының сақталуын қамтамасыз ету және жануарлар дүниесімен балық ресурстарының заңсыз айналымын алдын алу мақсатында жоспарлы рейдтік іс-шаралар өткізілуде. «Қызылорда облыстық жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғау жөніндегі мамандандырылған мекемесінің”инспекторларымен ағымдағы жылдың 1-ші және 4-ші желтоқсан күндері аралығында заңсыз балық аулау және заңсыз аң атуды болдырмау мақсатында кезекті рейд барысында Жалағаш, Сырдария аудандарында орналасқан резервтегі аңшылық алқаптар мен су айдындарына шолу жүргізіліп, нәтижесінде 2-заңбұзушылық (2-заңсыз балық аулау) фактісі анықталып, тиісті әкімшілік хаттамалар толтырылды.