Мемлекет басшысының бес жыл ішінде (2021-2025 жж.) Арал теңізінің құрғаған ұлтанында 1,1 млн. гектар жерге сексеуіл егу тапсырмасы бойынша тиісті жұмыстар жоспарға сәйкес жүргізілуде.
Атап айтқанда, 2021-2024 жылдар аралығында 659,1 мың гектар жерге фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүргізілді (облыстық деңгейде – 332,5 мың гектар, республикалық деңгейде-326,6 мың гектар).
Ағымдағы жылы 440,9 мың гектар аумаққа сексеуіл көшеттері мен галофитті тұқымдарын егу жұмыстары жүргізілуде. Облыстық деңгейде 100 мың гектар (102 млн. дана) оның ішінде 15 мың гектарына сексеуіл көшетін отырғызу (4,5 млн. дана) жұмыстары атқарылуда.
Бүгінгі күнге орман шаруашылығы мекемелерінің уақытша тұқымбақтарынан 4,3 млн. дана сексеуіл көшеті қазылып (95,6%), 8,0 мың гектар жерге сексеуіл көшетін отырғызу жұмыстары жүргізілді.