Облыс әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілі Б.Н.Әбдіқадырдың төрағалығымен облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы және басқармаға бағынысты мекемелердің басшылығы мен қызметкерлеріне мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңдарының, әдеп кодексінің талаптарын түсіндіру бойынша кеңес өтті.
Кеңесте Әдеп жөніндегі уәкіл Бағдат Нажмедденұлы әдептілік нормалары мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді сақтауға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық, моральдық-этикалық ұстанымдарға қатысты жан-жақты ақпарат берді.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген және оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген азаматтарға мемлекеттiк қызметте болуға байланысты шектеулерді сақтау және мүлікті сенімгерлік басқаруға беру талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар, құмар ойындарға қатысу және бәс тігуге қатысты түсіндірме жүргізіп, сұрақтарға жауаптар берілді.