
Облыс әкімінің орынбасары А. Зебешевтың және Қытай Халық Республикасының Ғылым академиясына қарасты «Экология және география ғылыми зерттеу институтының» делегациясының қатысумен өткен Халықаралық семинар-кеңесте Арал аймағын дамыту мәселесі қаралды.
Маңызды кеңеске Ұлттық аграрлық ғылым академиясы, ғылыми зерттеу институттары басшылығы, Ауыл шаруашылығы, Экология және табиғи ресурстар, Су ресурстары министрліктерінің өкілдері, Халықаралық Аралды құтқару қоры мен облыстық басқарма, департамент, инспекция басшылығы да қатысты.
Кеңесте экология және қоршаған ортаны сақтау, жердің тұздануы мен тозуы, шөлді және құмды аймақтарды игеру, су тапшылығы, жайылымдарды суландыру мен жақсарту секілді маңызды мәселелер қозғалып, сала мамандары баяндама жасады.